oC
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Астана қаласындағы №46 «Балабақша – мектеп – гимназия кешені» КММ, Қостанай қаласындағы №7 және №51 бөбекжайлары арасында Zoom платформасында жұмыс кездесуі өтті. Онлайн-кездесу барысында педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылын дамыту, инновациялық тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру және цифрлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мұндай кездесулер серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Әріптестерімізге нәтижелі ынтымақтастықтары мен білім беру кеңістігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз! img-20260611-wa0003 img-20260611-wa0004 img-20260611-wa0005