Бүгін біздің балалар табиғатқа ұқыпты қараудың тағы бір қадамын жасап, бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренді.
Біз бірге:
🪴 гүлдерді суардық,
🍃 жапырақтарын сүрттік,
🌾 топырағын қопсыттық,
🌼 «Жасыл бұрышымыздың» қалай өсіп жатқанын бақыладық.
Бүгінгі осы кішкентай қадамдар ертең экологиялық болашаққа үлкен үлес болсын. 💚
Біз – Эколяттармыз! Табиғатты бірге қорғаймыз.