oC

Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Байқаудың басталу күні: 19 қыркүйек 2022 жыл

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 бөбекжай-бақшасы" КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Жамбыл көшесі, 90 әдіскердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; дидактика қағидаттарын, педагогика, психология негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін; педагогикалық әдеп нормаларын білуі қажет. еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті            ) жұмыс күні ішінде жүргізіледі: https://sad7-kst.edu.kz/ru/ob-yavlenia.html

Анықтама телефоны: 55-81-81; 87782629518.

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.