№ 7 бөбекжайда 2022 жылғы 22 желтоқсанда тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның отырысы өтті, орыс тілінде оқытатын топқа 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушылардың педагогтердің біліктілігіне қойылатын талаптар негізгі -тиісті жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білімнің болуы, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі.
Бос лауазымға конкурсқа қатысатын педагогтер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс. Сондай - ақ психология мен педагогиканы, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды білу.
Конкурсқа қатысатын кандидаттар:
- Ендоренко Наталья Сергеевна-тәрбиеші, жұмыс өтілі – 3 жыл 5 ай, біліктілік санаты-педагог-модератор. Ендоренко Наталья Сергеевна-конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратпен (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту туралы, ғылыми жарияланым және т.б. құжаттардың көшірмелерін) ұсынды.
Бес адамнан тұратын конкурстық комиссия Н.С Ендоренконың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттарын қарады. Кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша кандидаттардың бағалау парағында балдарды есептеуді жүзеге асырды.
Байқау қорытындысы бойынша педагог Н. С. Ендоренко 9,5 балл жинады.
Н.С. Ендоренконы комиссия бір ауыз шешімімен 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 бөбекжайы" КМҚК-да тәрбиеші болып жұмысқа қабылдауға ұсынылды.