"Тіл-ұлттың тірегі".Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. 13.02-17.02 аралығында біздің бақшамызда қазақ тілі апталығы өтті, жоспарға сәйкес, "Ұлттық киім сән көрсетілімі", "Ертегілер әлеміне саяхат", "Бауырсақ Party", "Қазақ тілін білгіштері" және "Ұлттық ойындар" ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған апталықтың басты мақсаты, тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, тәрбиеленушілерді елжандылыққа, мемлекеттік тілді құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету болды.