oC

2022 жылғы 24 шілде

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 бөбекжайы" КМҚК-да қазақ тілінде оқытатын топқа тәрбиешілердің бос лауазымдарының конкурсын өткізу нәтижелері

 

№ 7 бөбекжайда 2023 жылғы 24 шілдеде тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның отырысы өтті, 2 бірлік мемлекеттік тілінде оқытатын топқа, 1 бірлік орыс тілінде оқытатын топқа.

Конкурсқа қатысушылардың педагогтердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар-тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білімнің болуы, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі.

Бос лауазымға конкурсқа қатысатын педагогтер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс. Сондай - ақ психология мен педагогиканы, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды білу. Конкурсқа қатысатын кандидаттар:

  1. Сатымбаева Айгуль Кайруловна -тәрбиеші, жұмыс өтілі-20 жылдан астам, біліктілік санаты-педагог Н.Ж. Жұмабекова конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратпен (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту туралы, ғылыми жарияланым және т.б. құжаттардың көшірмелері) ұсынды.
  2. Омарова Асель Батырбековна -тәрбиеші, жұмыс өтілі – 5 жылдан астам, біліктілік санаты-екінші.
  3. Түркенова Карина Еркеновна -тәрбиеші, жұмыс өтілі-нөлдік, біліктілік санаты-педагог, жас маман.

 Бес адамнан тұратын конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттарды қарады. Кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша кандидаттардың бағалау парағында балдарды есептеуді жүзеге асырды.

Конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде А.К. Сатымбаеваның мемлекеттік тілде оқытатын топқа тәрбиешінің бос лауазымына, К. Е. Түркенованың орыс тілінде оқытатын топқа кандидатурасын бекіту туралы шешім шығарды.

А. Б. Омарованың кандидатурасы мұғалімнің білімін бағалаудан өткені туралы сертификаттың болмауына байланысты қабылданбайды.