2024 жылғы 28 Тамыз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 бөбекжайы" КМҚК-да қазақ тілінде оқытатын топқа тәрбиешілердің бос лауазымдарының конкурсын өткізу нәтижелері
№ 7 бөбекжайында 2024 жылғы 28 тамызда тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның отырысы өтті, қазақ тілінде оқытатын топқа 4 бірлік.
Конкурсқа қатысушылардың педагогтердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар-тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білімнің болуы, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі.
Бос лауазымға конкурсқа қатысатын педагогтер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс. Сондай - ақ психология мен педагогиканы, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды білу.
Конкурсқа қатысатын кандидаттар:
- Коржумбаева Аяжан Мұратқызы-тәрбиеші, жұмыс өтілі – бір жылға дейін, біліктілік санаты - педагог.
Бес адамнан тұратын конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттарды қарады. Кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша кандидаттардың бағалау парағында балдарды есептеуді жүзеге асырды.
Конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде А.М. Коржумбаеваның мемлекеттік тілде оқытатын топқа тәрбиешінің бос лауазымына кандидатурасын бекіту туралы шешім шығарды.