oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 бөбекжайы" КМҚК-да қазақ тілінде оқытатын топқа тәрбиешілердің бос лауазымдарының конкурсын өткізу нәтижелері

 

№7 бөбекжайында 2024 жылғы 03 желтоқсанда мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын топтарға тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Конкурсқа қатысушылардың педагогтердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар-тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білімнің болуы, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі.

Бос лауазымға конкурсқа қатысатын педагогтер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс. Сондай - ақ психология мен педагогиканы, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды білу.

 

Конкурсқа қатысатын кандидаттар:

  1. Жумабекова Нуржамал Жомартовна – мектепке дейінгі ұйымдардың   

      тәрбиешісі, жұмыс өтілі - 13 жыл, Біліктілік санаты-педагог-модератор.

         Жумабекова Нуржамал Жомартовна конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратпен (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту туралы, ғылыми жарияланым және т.б. құжаттардың көшірмелері) ұсынды.

Бес адамнан тұратын конкурстық комиссия Жумабекова Нуржамал Жомартовнаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерді. Кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша кандидаттардың бағалау парағында балдарды есептеуді жүзеге асырды.

Байқау қорытындысы бойынша педагог  Н.Ж. Жумабекова 12 балл жинады.

Н.Ж. Жумабекова комиссияның бірауыздан шешімімен 2025 жылғы 05 қаңтардан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 бөбекжайы" КМҚК мемлекеттік тобына тәрбиеші ретінде жұмысқа қабылдауға ұсынылды.