oC

«Менің Қазақстаным» іс-шаралар жоспары

25 қазан Қазақстан Республикасының күніне арналған

Өткізу мерзімі: 13–23 қазан

Жасы: (4–6 жас)

Мақсаты: Патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Апта күні Күн тақырыбы Іс-шаралар Жауаптылар
Дүйсенбі «Қазақстанға саяхат» Қазақстан туралы әңгімелесу. «Қаланы таны» ойыны. Қазақстанның табиғаты мен көрікті жерлерімен таныстыру. Тәрбиешілер
Сейсенбі «Мемлекеттік рәміздер» Ту, Елтаңба және Әнұран туралы әңгімелесу. «Рәмізді таны» ойыны. «Қазақстанның Туы» тақырыбында сурет салу. Тәрбиешілер, музыка жетекшісі
Сәрсенбі «Менің елім – Қазақстан» «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салу және жапсыру. «Жүректен – жүрекке» атты ортақ панно жасау. Тәрбиешілер, ата-аналар
Бейсенбі «Туған өлкенің қазыналары» «Қазақстанның жас білгірлері» квест-ойыны Мамандар, ересек топтар
Жұма «Қазақстан – менің Отаным!» «Менің Отаным – Қазақстан!» мерекелік іс-шара Тақпақтар оқу, би билеу, патриоттық ән орындау. Қазақ тілі мұғалімі, музыка жетекшісі, МД

Күтілетін нәтиже: балалардың Қазақстан туралы білімдері кеңейеді, мемлекеттік рәміздерге құрметі қалыптасады, ұлттық дәстүрлерге қызығушылығы артып, Отанға деген сүйіспеншілігі тәрбиеленеді.