"Шымырлық пен шеберлік күні" ? Бүгін "Наурыз мейрамы" апталығының төртінші күні. Дене тәрбиесі жетекшілері әр топта жеке-жеке ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырды. Басты мақсаты: балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту; Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтарды тәрбиелеу. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.