«Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс»
Ерлік-елдің қасиеті,
жүректілік-жігіттің қасиеті.
Бауыржан Момышұлы.
Бізге бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты әжелеріміз әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Биыл Ұлы жеңіске – 75 жыл толуына орай қашықтықта отырып оқытылуына қарамастан, ата-аналармен және де балалармен бірлесе отырып жұмыс жасадық. Ұлы жеңістің – 75 жыл толуына орай балалар Отан туралы өлең шумақтарын жаттады.Өз ата-әжелерінің портреттеріне қарап отырып, олардың еліміз үшін жасаған ерліктері туралы айтып берді.Біз әрдайым олардың еңбегін естен шығармауымыз керек.Себебі осы тәуелсіз ел болып отырғанымыз сол кісілердің арқасы.
Бұл орайда айтқым келгені:Ата-аналар үйде отырып балалармен жұмыс жасап ,келешек ұрппаққа жеңістің оңай берілмегені жайында әңгіме жүргізіп еске түсіруілері мақтанарлықтай жайт. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.
Қостанай қаласы
« №7 бөбекжай- балабақшасы»
Тортаева Гүлшат Конкасовна