Ғарышкерлер күні – адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған мереке, ол бүкіл әлемде 12 сәуірде атап өтіледі. Біздің балабақшада осы күнге арналған шығармашылық суреттер көрмесі ұйымдастырылды. "Жұлдыздар әлемі" көрмесінде біздің тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлескен жұмыстары ұсынылды. Әр суретте ғарыш, жұлдыздар және адамның ғарышқа ұшуы көрсетілген. Суреттер мен аппликацияда - ғарыштық кеңістіктер, галактикалар, планеталар мен жұлдыздар фантастикалық шындықтан біздің әлемнің шындығына айналды.