oC

16 тамызда тамыз кеңесін өткізу аясында 7 б/б негізінде мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің, "Педагогикалық идеялар панорамасы" балалар шағын орталықтары тәрбиешілерінің секциялық отырысы өтті.
8 б/б дене тәрбиесі нұсқаушысы Е.И. Мычко мектеп жасына дейінгі балалармен "Алтын сақа" спорттық сауықтыру үйірмелерін ұйымдастыру бойынша педагогикалық практикум өткізді. 15 б/б тәрбиешілері Баймухамбетова Ж.Б. Федоренко М. В. "Звукоградқа саяхат" сандық білім беру ресурсын ұсынды және ойын түрінде аудиториямен сабақ ұйымдастырды. 69 б/б тәрбиешілері Бекмухамбетова Ж. К., Редикульцева Ю.В педагогтармен интерактивті қарым-қатынас арқылы "Қостанай облысы бойынша шағын саяхат" әдістемелік құралын ұсынды.
Бұдан әрі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Т.Б. Жихарева 2022-2023 оқу жылына мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы түсінік берді.