Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде қазақстандықтар Отбасы күнін атап өтеді. Мереке барлығына отбасын құрметтеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Бұл күні барлығымыздың мерекеге қатысымыз бар, өйткені әр адам өз отбасының мүшесі. Бұл күні ата-аналарымызға, ата-әжелерімізге, бауырларымызға және басқа да жақын туыстарымызға жылы лебіздерімізді білдіруіміз керек. КМҚК “#7 бөбекжайда” осы мерекеге арналған іс-шаралар өтті.