oC
Кездесу барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, балалардың балабақша жағдайына бейімделуі, кіші мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды. Отбасы мен балабақша арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Өйткені бірлескен күш-жігердің арқасында ғана балалардың үйлесімді дамуына, тәрбиеленуіне және балабақшада жайлы болуы үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Ата-аналарымызға белсенді қатысқандары, қызығушылық танытқандары және ашық пікір алмасқандары үшін алғыс білдіреміз!