oC
Балабақшамызда танымал қазақстандық актер Азамат Сатыбалдының қатысуымен «Дерт» фильмінің түсірілімі өтуде. Фильмнің бас режиссері әрі продюсері — Назгүл Қарабалина. Шығармашылық үдерістің бір бөлігі болып, киноның балабақшамызда дүниеге келуіне куә болу — біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ерекше оқиға ұжымымызға жаңа әсер сыйлап, жарқын эмоция қалдырды. Түсірілім тобына шығармашылық шабыт, жұмыстарына сәттілік және фильмнің көрермендер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болуын тілейміз! #28_company #azamatsatybaldy #karabalina nazgul img_20261005_172054_296 img_20261005_172043_243