Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)